Тоқмади ісі жалғасуда

0 21

Отты қару өздігінен атылған жоқ!    Аты- шулы Тоқмәди ісіне   зерттеу жүргізген АҚШ сарапшылары осылай тұжырым жасап отыр.  «Тұран әлем банкінің» бұрынғы қожайыны Ержан Тәтішевтің өліміне   қатысты сот отырысы Таразда жалғасуда, деп Jambyl.tv хабарлады.  

Қылмыстық істі тергеу барысында банкирді ажал құштырған қару өздігінен атылып кетуі мүмкін деген де болжам болған. Бұған дейін жасалынған 4 сараптаманың қорытындысы бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, бесіншісін жасату үшін білікті мамандар АҚШ-тан шақыртылған екен.  Бүгінгі сот отырысында осы сарапшылар өз жұмыстарының қорытындысын ортаға салды.  Істі зерттеуде барлық тиісті технологияларды қолданған үш бірдей Американдық криминалист Германиялық қымбат қарудың өздігінен атылып кетуі мүмкін еместігін айтты. Және оқиға орын алған соң айғақтарға алғаш сараптама жасаған қазақстандық мамандар тобының қорытындысын қуаттады. Түстен кейін осы кешенді зерттеуді жасаған қазақстандық екі сарапшы маман тыңдалды.

Майкл Мерфи – криминалист маман АҚШ

Қылмысқа қолданылған қару өте қымбат болған. Оның өздігінен атылуы ешбір істе кездеспеген. Қаруды үнемі тазалап жүрген адаммен де сөйлестік. Ол оның өте жақсы жағдайда болғанын айтты. Сондықтан оның өздігінен атылып кетуі мүмкін емес. Қазақстандық маман, доктор Ломакин де осындай қорытынды шығарған

Айта кетейік, баспасөзде «Тоқмәди ісі» аталып кеткен даулы сот 16 ақпанда басталған  болатын. 8 отырыста барлығы 60 тан астам  куәгер тыңдалды. Бұған дейін белгілі болғандай, Мұхтар Әбілязовтан 4 млн долларға тапсырыс алдым деген бұрынғы кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди өз қылмысын толық мойындап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.