Наурыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

0 0

«Қазгидромет» РМК 1-3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның орталық аймағынан ауысқан циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжиды. «1 наурыз күні циклон республикадан ауысады. Бірақ, осы циклонға байланысы бар атмосфералық ауа ағындары солтүстік және шығыс аймақтарға қар мен боран алып келеді. Оңтүстікте жауын-шашын мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын қатты болып, тұман түсуі ықтимал», — делінген хабарламада. Ресейдің еуропалық бөлігіндегі солтүстік-батыс аймақтарда суық антициклон таралуда. Бұл Қазақстанның барлық аймақтарына суық әкелмек. Көктемнің келуіне байланысты синоптикалық процестер өте жылдам өзгереді. Сондықтан, синоптиктер антициклон мен суық ауа райы ұзақ болмайды деп болжайды.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.