Қазақстанның танымал тележүргізушісі зергерлік бұйымдарды жарнамалап жүр ме?

0 1

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы атақты зергерлік бұйымдар сататын Jewellery дүкенінің Yana және Debeers брендтерінің амбасадоры болды.

«Әр әшекейдің өз тарихы бар💎 Марқұм принцесса Диананың 14 гаухар тасы бар сақинасын үлкен ұлы принц Уильямс жұбайы Кейт Мидлтонға ұсыныс жасағанда сыйлаған. Сақинаның суреті бірден барлық әлемдік БАҚ-та жарияланды. Оның танымал болғаны соншалықты, Британдық зергерлік үйлер сақинаның репликасын шығара бастайды. Кейін Сарай сақинаның көшірмесін жасауға заңды түрде тыйым салады.
Бұл сақинаны Диана ажырасқанға дейін 15 жыл бойы тастамай тағып жүрген. Алайда, неке келісім-шарты бойынша ажырасқан жағдайда ол сақинаны және белгілі бір көлемдегі әшекей бұйымдарды қайтаруға тиіс болатын. Диана қайтыс болғаннан кейін оның ұлдарына анасының естелігі ретінде кез-келген бір нәрсені таңдауға рұқсат етіледі. Уильям анасының алтын сағатын, ал Гарри аталмыш сақинаны таңдайды. Кейін оны үлкен ағасына сыйға тартады. Сөйтіп, сақина қайтадан болашақ ханшайымның саусағынан тағылады.
Маған кейде сол сақинаның мысы Кейтті басып тұратындай» — деп жазды өзінің Instagram парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.