Тараздағы каналдар мыңдаған тонна қоқыстан тазартылды

0 5

Тараз қаласындағы су арналары тазаланып тасқынға қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс орталығындағы көбінесе жер үйлер орналасқан, халық «тайвань» атап кеткен шағын ауданға жыл сайын су басу қаупі төнеді. Бұл жерлерде арналар орналасқан, қалың қар мен күннің күрт жылынуы салдарынан аулаларды су басып қалуы мүмкін. Бұған адам факторының да әсері бар. Тұрғындар арналарға қоқыс лақтырып, судың жолын бітеп тастап жатады.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, су тасқынының алдын алу шаралары аясында  халықты су арналарына қоқысқа толтырмау, су жиектерін бекіту  жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген.

Қазір Таразда қарғын суды ағызып әкететін дренажды каналдар жөнделіп жатыр. «Ирригация» ЖШС басшысы Сүлеймен Мадаминовтың айтуынша, Қарасу-1 каналынан бірнеше күннің ішінде 10 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.