Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Шаймергенов Тимур Төлегенұлы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
2009-2017 жылдары Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбия университеттерінде жетекші құрамға арналған оқу бағдарламасынан өтті.
Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік, стратегиялық менеджмент және тәуекелдерді басқару саласында маман біліктілігіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастаған. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Парламенті Мәжілісі және ҚР Қауіпсіздік Кеңесі аппараттарында түрлі қызметтер атқарған. ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қызметке тағайындалмас бұрын ҚР Президенті Әкімшілігі жүйесінде жұмыс істеген.
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.
Дереккөз: Baq.kz