«Қалаулым» жабылады!

0 0

Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Қалаулым» бағдарламасы 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін жабылатын болды. Осылай деп «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесі ҚР Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігіне ұсынысты жасады. Сүйінші хабарды айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің instagram-парақшасына бөлісті. «Мемлекеттік арналар ашып жатқан тележобалар көрші елдің ескірген телебағдарламаларының сәтсіз көшірмесі екендігін ескере отырып, соның бірі ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін «Қалаулым» бағдарламасын сараптамадан өткізіп, ары қарай жұмыс жасауына шектеу қою. Орындау мерзімі – 25 сәуір 2018 жыл»,  – деп жазылған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің ұсынысында.

Дереккөз: arhar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.