Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді

0 3

Ренода (АҚШ, Невада штаты) кәсіби бокс кеші өтті. Қазақстандық боксер Сағадат Рахманқұлов 29 жастағы америкалық Ноэль Эскуэдамен (8-4-2, 6КО) жұдырықтасты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы отандасымыз қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Сағадат былтыр күз айында Окснардқа (АҚШ, Калифорния штаты) жаттығу үшін кеткен. Ол Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уалихановпен бірге жаттықты.

Боксшы 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанды.

Дереккөз: qamshy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.