Шымкенттіктер жолақыны электрондық билетпен төлейтін болды

0 0

Енді Шымкентте қоғамдық көліктерде қатынау үшін электронды билеттерді пайдаланады. Жолақы төлемдерді «Смарт ЖКХ» компаниясының билеттерімен төлейтін күн алыс емес. Қазір бұл мәселе арнайы жиындарда талқылануда. Инвестор компания өкілдері өз ісіне сенімді, жолаушылар жаңалықтан қиындық сезінбейді деп отыр, деп otyrar.kz хабарлады.

Шымкентте №27-ші бағытта жолаушылар тасымалдайтын «Гринбас» компаниясының жүргізушісі Алтынбек Ильясов электронды билеттеу жүйесін қолдайды. Ол ең алдымен, жолаушыға оңай болады деп есептейді. Оның үстіне өзге қалалардағы эксперимент алғашқыда қиын қабылданса да, оны дәлелдеп берді.

Аталған осы көлік компаниясы «Смарт ЖКХ» серіктестігінің электронды билеттеу жүйесін қолдап, оны тәжірибеде пайдаланбақ. Мұны қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөліміндегілер де растап отыр. Жүйенің көп тұста тиімді екеніне мамандар да сенімді. Егер өзге де көлік компаниялары бастаманы қолдаса, онда жақын арада қалалықтар қолма қол ақшамен емес, қоғамдық көлікте электронды билетпен жүре бастайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.