АҚШ-та қазақстандық студент қайтыс болды

0 0

АҚШ-та қазақстандық Даир Сағдиев қайтыс болды. Ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде (UCLA) оқып жүрген, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Өкінішке қарай, UCLA студенті Даир Сағдиев қайтыс болды. Ол биоинженерия факультетінің үздік студенті еді. Бірнеше тілде еркін сөйлейтін. Тағы да ол талантты тарихшы және түркітанушы болатын. Француз тіліндегі тарихи кітаптарды аударатын», — деп жазды оның танысы Әсет Шәтеков Facebook-тегі парақшасында.

Онымен бүгін UCLA және Pierce Brothers Westwood Village Memorial Park саябағында жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-де қоштасады.

«Ата-анасы мен туыстары сағат 12.40-та UCLA Luskin Conference Center and Hotel қонақүйінен шығады», — деп қосты Шәтеков.

Лос-Анджелесте тұратын қазақстандықтар қайтыс болған студенттің ата-анасына көмек ретінде ақша жинап жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.