Қарабатанда қайтыс болған жұмысшылардың есімдері белгілі болды

0 0

Қарабатанда қайтыс болған жұмысшылардың аты-жөндері белгілі болды. Ақпаратты Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері ұсынды, деп хабарлайды mgorod.kz .

Новости Атырау - Стали известны имена погибших при пожаре в общежитии в Атырау

Осыған дейін, жатақханадан шыққан өрттен қаза тапқан жұмысшылардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екені айтылған еді. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, жұмысшылардың ең үлкені 39 жаста, ал ең жасы 27 жаста болған.

Өрт салдарынан қайтыс болған жұмысшылардың аты-жөндері:

1. Жұмеков Самат Бақытбекұлы, 27.12.1991.

2. Жұмырбаев Ерхал Әуезханұлы, 27.11.1979.

3. Демеуов Ерген Қалқұлұлы, 30.03.1985.

4. Шыңғысбаев Мақсат Асқамбекұлы, 14.08.1991

5. Кенжебаев Самат Асқарұлы, 16.07.1987.

6. Молдабеков Ералы Нұралиұлы, 17.11.1988.

7. Қалмұрзаев Нұржан Ерікалиұлы, 1990.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысындағы Қарабатан газ трубалы электр станциясы жатақханасынан өрт шығып, жұмысшылар қаза болды.

4 қызметкер ауыр жарақат алған болатын. Қаза болғандар мен жарақат алған жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсетілетін болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.