Сауд Арабиясында әйелдерге алғаш рет марафонға қатысуға рұқсат етілді

0 0

Әйелдер арасындағы алғашқы марафон мұсылмандар үшін қасиетті қалада өтеді екен. 2018 жылы сәуірде Сауд Арабиясының әйелдері Меккеде өтетін жүгіру жарысына қатысады, деп 24.kz  хабарлады. 

«Марафонға барынша көп әйелдің қатысуына бар күшімізді саламыз. Ал мұндай сайысты ұйымдастыру – біз үшін зор жауапкершілік», — деп мәлімдеді жарыс өтетін спортзал тиесілі «Аль-Вахда» клубының иесі Ахмед Тейиб.

Ереже бойынша марафонға 18 жастан асқан әйелдер қатыса алады. Жеңімпаздарға жүлделер табысталады.

Ал ашық аспан астындағы әйелдер марафоны алғаш рет 2019 жылы өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.