Тараз қаласының әкімдігі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға «Алтын Алқа» және «Күміс алқа» төс белгілерімен марапаттады, деп хабарлайды JhambylNews АА агенттігі.
Облыстағы 19 көпбалалы ана «Алтын алқа» медалімен және 48 қала тұрғыны — «Күміс алқа» медалімен салтанатты түрде марапатталды. Олардың арасында Марзия Кулметова, Жанағүл Молдабаева, Бибіжамал Шакималова, Дильноз Юлдашева, Фарида Тоқбергенова, Айгүл Рахимқұлова, Саида Рахматуллаева, Фарида Даутова, Инобат Абсамалова, Надежда Қуандыкова, Алтынай Карачаева және көптеген басқа да лайықты әйелдер бар.
Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет олардың әрқайсысын жеке-жеке марапаттады. Әрине, гүлдер мен сыйлықтар беріп, құттықтаулар сөздерін де айтты.
Көпбалалы ана — бұл мемлекеттің алтын діңгегі болып табылады, өйткені өмірдің көп бөлігінде, тіпті барлық жағдайда ата-ананың тәрбиесіне келіп тіреледі, атап айтқанда, ананың тәрбие берудегі орны, әйелдердің қамқорлығы, жылулығы мен мейірімділігіне байланысты.