Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 7 жолаушы жарақат алды

0 1

Алматыда Mercedes пен №38 автобус соқтығысып, 7 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Абай мен Саин көшесінің қиылысында болған.

Куә болғандардың айтуынша, автобус Саин көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатқан. Қоғамдық көлік бағдаршамның жасыл жарығына өте бергенде, оны сол жақ бүйірден Мерседес кеп соққан.

Жеңіл көлік бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кеткен.

Қатты соққыдан Mercedes жарнама бағанына соғылды.

Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі ауыр халде жатса, автобустың 7 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының себептерін полиция анықтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.