Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы айтылды

0 4

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы брифинг өтті, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА .

Жиынға Жамбыл облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Жұматаева Асел Жарасқызы, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Махамбетова Айнаш Аманқызы қатысып тақырып аясында ақпаратпен бөлісті.

Асел Жарасқызының айтуынша, 15 қараша 1965 жылғы шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жою туралы Гаага Конвенциясы азаматтық немесе коммерциялық мәселелерде сот және соттан тыс құжаттарды шетелдік тарапқа беру мен ұсынудың ең тиімді  механизмін қамтамасыз етуге арналған  халықаралық процестегі маңызды көпжақты халықаралық келісім болып табылады.

Соның ішінде Конвенцияның маңызды бағыты — шетелде ұсынылуға жататын құжаттарды беру тәртібін тездету және оңтайландыру, сонымен қатар жауапкерлердің мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз  ету, олардың ұсынылған құжаттарға, талап арызға қарсылықтарын дайындап ұсынуға мүмкіндік беретіндей мерзімде хабарлау болып табылады.

Гаага Конвенциясы 53 жыл бұрын қабылданғанына қарамастан, 100-ден астам қатысушы — мемлекеттері бар халықаралық ынтымақтастық пен өзара тәжірибенің маңызды құралы болып келеді.

Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенцияға 1999 жылы 30 желтоқсанда қосылды.

Осы Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады.

Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты — Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.
Апостиль қоюшы адамдар қол қойған адам қолының түпнұсқалығына, сапасына және тиiстi жағдайда, осы құжатты бекiткен мөр мен мөртаңбаның түпнұсқалығына жауапкершiлiк көтередi.

 Апостильдi қоюға жататын ресми құжаттар ретiнде:
1)мемлекеттiк органдардан (мекемелерден, нотариустардан) және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай-ақ сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкiмдерден және басқаларынан шығатын құжаттар;

 2)нотариаттық расталған құжаттар;

 3)ресми белгiлерi бар құжаттар (визалар, тiркеу туралы белгiлер, нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау және басқалары) қабылданады.

Апостиль:
1) шетелде Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi жасаған құжаттарға;

2) коммерциялық немесе кеден операцияларға қатысы бар құжаттарға қолданылмайды.

  1. Апостиль қаулының қосымшасына сәйкес жасалған шаршы клише — мөртаңба нысанында болады.

 Мөртаңбадағы бағандарды мемлекеттiк тiлде ғана толтыруға жол берiледi.

Leave A Reply

Your email address will not be published.