Меркі ауданында 2018 жылы қосымша 5 жекеменшік бала-бақша ашу жоспарланып отыр

0 9

Жаңа оқу жылында ұстаздар қауымы жоғары педагогикалық оқу орындарын бітіріп келген 52  жас мамандармен  толықтырылды, бұл өткен оқу жылында 19 жас маманды құраған. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы сөз етті, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА.

Білім саласы бойынша 38 күндізгі жалпы орта білім беретін мектепте орта мектептер; 27-і 15710 оқушы білім алуда. Бұл өткен жылдағы есепті кезеңмен салыстырғанда 301 оқушыға артып отыр, Өткен оқу жылында 209 оқушы білім грантын жеңіп алып, 2015-2016 оқу жылымен салыстырғанда көрсеткіш 2,5 есеге жуық жоғарылады.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтамасыз ету бойынша ауданда 24 балабақша мен (16 мемлекеттік, 8 жекеменшік) 11 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасауда, онда 3367 бала тәрбиеленуде. Аудан бойынша 0-6 жас аралығында 1273 бала кезекте тұр.

Мемлекеттік тапсырыс негізде өткен жыл ішінде 5 жеке меншік балабақша ашылды. Сонымен қатар, Сарымолдаев ауылындағы бұрынғы «В.Савва» атындағы балалар үйінің 3 қабатты жатын ғимаратына қараша-желтоқсан айларында құны 25 млн теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 13 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында 190 орындық балабақша ретінде пайдалануға берілді. 2018 жылы қосымша 5 жекеменшік бала-бақша ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1-6 жас аралығында 56,4%, 3-6 жас аралығында 91,7% құрайды деп күтілуде.

Денсаулық сақтау саласына 2017 жылы 1 млрд. 882 млн. 958,5 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. (2016 жылы -1 млрд. 651 млн. 099,1 мың теңге). Медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен 83,7 млн.теңгеден астам қаржыға  қажетті медициналық техника сатылып алынды.

2017 жылы «Жамбыл облысын дамыту 2016–2020» бағдарламасы аясында Ақермен дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жүргізіліп, 30 тамызда қолданысқа берілді.

Аудан бойынша емдеу алдын алу мекемелерінде қайтыс болғандар көрсеткіші 2016ж. –6,5% құраса, 2017 жылы 6,2% құрады.  Қайтыс болғандар саны  2016 жылмен салыстырғанда 27 адамға  төмендеді.  Сәби өлімі 2016 жылы — 13 бала болса, 2017 жылы 11 бала. Есептік кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ. Қосымша 1 жедел жәрдем бригадасы Ақарал ауылында іске қосылды.

Аудандағы 44 елді мекенде 18 типтік, 16 ыңғайластырылған медициналық нысандар орналасқан. Оның 4 ғимараты жалға алынған. Бүгінгі күні 3 елді мекеннің  ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткен. 4 елді мекенге  ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтуде.

Спорт саласына 2017 жылы 27,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Ауданда 4 спорттық ұйымдар жұмыс істейді, оның ішінде 3 балалар –жасөспірімдер спорт мектептері  және 1 аула клубы 2017 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты қамту 28,6% құрады.

2017 жылдың қорытындысына сәйкес ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 24090 адам. Оның ішінде 7-18 жас арасындағы жасөспірімдер мектептердегі түрлі секцияларда, колледжде, аула клубы мен спорт мектептерінде жаттығуда. Сондай-ақ, ауданда олимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрлері бойынша 15915 адам, олимпиада бағдарламасына кірмеген спорт түрлері бойынша 1948 адам, ұлттық спорт түрлері бойынша 6155 адам және 72 мүгедектер спорт түрлері бойынша шұғылданады. Аудан спортшылары  2015-2017 жылдары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып, әр түрлі жүлделі орындарға ие болды. 2017  жылы бірнеше бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, олардың қатарында денсаулық фестивалі, спорт түрлерінен чемпионаттар мен біріншіліктер, «Спорт, есірткіге қарсы» ұранымен спартакиада, аудандық мектеп лигасы, аула ойындары, мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округтер, еңбекші жастар арасындағы жарыстар, сондай-ақ кәсіби мерекелерге арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Сонымен қатар, дене шынықтыру мен спортпен айналысуға мүмкіндігі шектеулі адамдарды тартуда оңды алға ілгерілеу байқалады.

2017 жылдың желтоқсан айында №18 балалар жасөспірімдер спорт мектебі ғимараты  және №9 «Меркі» колледжінің спорт залы пайдалануға берілді. 2017 жылы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Т.Рысқұлов, Сарымолдаев, Ойтал, Жамбыл ауылдық округтарында «Street-Workout» алаңшалары салынды,- деп айтты брифинг барысында Мейірхан Азатұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.