Қостанай қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 19 адам оқиға орнынан көшірілді. Күйік шалып, ауруханаға жеткізілген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт сөндіруге Қостанай облысының өрт сөндіру қызметінен 9 адам мен үш арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
«Зардап шегуші денесінің 60 пайызы күйіп қалған. Жағдайы ауыр. Оны жан сақтау бөліміне жатқызды. Бүгін таңертең ол қайтыс болды», — дейді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марат Әбілқасымов.
Дереккөз: Baq.kz