Таразда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған
«Күлімде Наурыз, күлімде!» атты мерекелік думан өтті, деп ZhambylNews хабарлайды.
ҚР Тұңғыш Президент саябағында студент жастардың ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараны қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
Концерттік қала тұрғындары Ұлттық ойындардан жарыстарға қатысты.
Асық атып, қол күрестірді,арқан тартып,аударыспақ пен тоғызқұмалақтан мықтыларды анықтады.
ҚР Президент саябағының оң жақ алаңында жастарға арналған Бауырсақ Party ұйымдастырылады.
Мерекеге сай безендірілген сахна төрінен əн əуелеп, күй күмбірледі.
Қазақтың ұлттық киімдерін киген қыздар мен жігіттер ән салып, би биледі.
Ал ертең, осы саябақта «Үйлесім»күніне арналған іс-шаралар өтетін болады