Компьютерді компьютерсіз үйреткен мұғалім қалай танымал болды (ВИДЕО)

0 0

15 ақпан күні информатика пәнінен сабақ беретін ганалық ұстаз Ричард Акото Facebook желісіндегі парақшасында сабақ барысында түсірілген суреттерді бөлісті. Ол сабақ беретін мектепте компьютер жоқ болғандықтан, Microsoft Word сынды бағдарламаларды тақтаға суретін салу арқылы түсіндіріп келген. Жуырда аталған компания өкілдері Акото сабақ беретін мектепке компьютерлер сыйлады.

Бірнеше күн бұрын Ұлыбританиядағы Лидский университетінің қызметкері оқушыларға арнап бір ноутбук беріп жіберді. 13 жасар мектеп оқушысы бұл тосынсыйға дейін компьютерлерді тек картиналардан немесе көрші қалаларға барған кезде қоқыстан көргенін айтты.

1 наурыз күні Microsoft компаниясы Акотоға компьютер сыйлап, білім бағдарламаларын пайдалануға жағдай жасайтынын хабарлады. Компания уәде еткен компьютерлерді Сингапурде өткен конференцияда табыстады.

Мұның алдында Акото өзінің мақсаты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар балаларға информатика пәнінен ұлттық емтиханға дайындалуға көмектесу екенін айтқан болатын. Себебі, ұлттық емтихан кезінде оқушылардың компьютермен жұмыс істеп көрген-көрмегені ескерілмейді. 2017 жылы Акото көмектескен оқушылардың бірі осы экзаменнен жақсы баға алды.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.