Бүгін Астанада қардың жаууы мен көктайғаққа байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
«25 наурызда Есіл ауданында 705 жұмысшы мен 318 арнайы техника жұмылдырылса, Сарыарқа ауданында қар тазалауға 215 арнайы техника мен 455 жұмысшы тартылды. Ал, Алматы ауданында 584 жұмысшы мен техника жұмылдырылды», — деп хабарлайды Астана əкімдігінің баспасөз қызметі.
Əкімдік қала тұрғындарын жолда абай болуға шақырады.