Металлургия комбинатының жылу электр орталығы – бу-ауа үрлейтін станциясында апат болып, қазандықтан плиталардың құлауы салдарынан бір жұмысшы көптеген жарақат алды, деп хабарлайды BNews.kz.
Кәсіпорын жұмысшыларының хабарлауынша, «АрселорМитталТеміртау» АҚ Жылу электр орталығы – бу-ауа үрлейтін станциясында 3-ші және 4-ші қазандықтар арасындағы 32 плита құлап, соның салдарынан қазандық істен шықты. Бір адам зардап шекті.
Дәрігерлердің мәліметінше, Теміртау қаласының орталық ауруханасына 25 наурызда зардап шеккен жұмысшы келіп түскен, қазір ол жан сақтау бөлмесінде. Ол көптеген жарақат алған, жағдайы ауыр.
«АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның баспасөз қызметінде болған оқиға жөнінде әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның баспасөз хатшысы Алексей Агуреев.