Өскеменде ерекше аялдама салынды

0 1

Өскеменде үлкен кітап сөресі түріндегі ерекше аялдама салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аялдаманың сыртқы көрінісі ғана ерекше емес, онда қалалықтар автобусты күтіп тұрғанда уақытын пайдалы өткізе алады. «Кешенде кітап сөресі бар. Алғашқы даналарын өзіміз алып келдік», — дейді А.Пушкин атындағы кітапхананың өкілдері.

«Халық бұл кітаптарды алып кете алады, бірақ оқыған соң қайтарады деген үміттеміз. Бастысы кітап сөресі бос болып қалмағаны», — дейді кітапханашылар.

Мұндай кітап алмасу Еуропада кең қолданыста. Мұның аты — кроссбукинг. Ұйымдастырушылар бұл туралы өскемендіктер де біліп, қолдана бастайды деп есептейді. Сонымен қатар, аялдама қабырғасынан түрлі туындының QR-коды болады, оны телефонға жүктеп алуға болады.

«Аялдама кешенінде Wi-Fi  және ыңғайлы орындықтар бар, сондықтан мұнда адамдарға ыңғайлы болады деп ойлаймын», — дейді «Кітапхана аялдамасы» идеясының авторы Райхан Алханова.

Бұл идеяны студент қыз бір ай бұрын қала әкіміне ұсынған болатын. Қуат Тұмабаев осы идеямен танысып шыққан соң, қолдап, келісім берген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.