Таразда білім қызметкерлерінің шығармашылық фестивалі өтті

0 16

Іс-шараға Жамбыл облысы мен Тараз қалалық білім басқармасы, сондай-ақ, мектептер мен түрлі орталық ұжымдарының жетекшілері қатысты.

Фестиваль ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Мақсаты — өнерге, мұғалімдердің достық қарым-қатынасына және Қазақстан халқының танымал ақындары мен  музыканттарына құрмет көрсету.

 «Біз ұйғырдың халық биін орындаймыз, мұғалімдер арасындағы байқауға алғаш қатысуымыз. Оның алдында қалалық конкурсқа қатысып, Гран-при ұтып алғанбыз. Біздің құрамда 8 адам бар», — дейді Тараз қаласының №15 мектептің мұғалімі Мәншүк Егембердиева.

Фестивальда әртүрлі жанрлардан тұратын вокалдық және музыкалық нөмірлер көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.