Қазақстанның сауда орталықтарында тексеріс жүргізілмейді

0 2

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Өйткені комитет әр нысанды жылына тек бір рет бақылаудан өткізуге тиісті екен. Дегенмен Кемероводағы қайғылы жағдай өзгелерге ащы сабақ болуы тиіс.

Бұрын елімізді жабайы сауда жайлаған кезеңде өрт шығу қаупі жоғары болған. Қазір бұл көрсеткіш едәуір азайып отыр. Өйткені бүгінде салынып жатқан ғимараттарда қауіпсіздік талабы қатаң сақталады.

Ал еліміздің барлық оқу орындарындағы өрт қауіпсіздігі жүйесі жіті тексеруден өткізіледі. Білім және ғылым министрлігі білім ордаларына осындай тапсырма беріп отыр. Оны орындау үшін әр өңірдегі төтенше жағдайлар органдарының өкілдері шақырылуы тиіс.

Сәбит Битаев, ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары:

— Біздің комитетте 1068 нысан бақылауда тұр. Былтырғы жылмен салыстырғанда бізде Төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамымен 27 мың нысан тексерілген. 13 мың нысанға 469 млн теңге айыппұл салынды.
Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.