Шенеунік Кемеровода болған қайғылы жағдай үшін тізерлеп тұрып кешірім сұрады(ВИДЕО)

0 12

Кузбастың  вице-губернаторы Сергей Цивилев «Зимняя вишня» сауда орталығында болған қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұрады, — деп Zhambylnews AA хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында таңертеңнен басталған митинг әлі де жаппай  жалғасып жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=P_ecrw4Ls7A

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 5 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатты. Жиналғандардың ішінде «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары болған.

Митинг басталуынан жеті сағат өткен соң, мэрия бәрін таратуға шақырды, бірақ қатысушылар бұл ұсынысты мақұлдамады. Осыдан кейін мэрия ұсынған дыбыстық күшейткіш жабдық өшірілді.

Цивилев микрофонмен сөйлесуге тырысқанмен, оның жұмыс істемейтінін байқап, жиналғандарға: «Мен сендерден кешірім сұраймын», — деді де вице-губернатор кенеттен тізерлеп жерге отыра кетті. Осылайша ол он секундтай отырды. Кейіннен түрегеліп: « Ежелде Ресейде адамдар тізерлеп  кешірім сұраған» — деді. Адамдар  оған шапалақтай бастады.

Сондай-ақ, Цивилев  лауазымды тұлғалар мен қайтыс болғандардың туыстарынан жұмыс тобын құруды ұсынды.

Оның айтуынша, топ тергеудің барысын, сондай-ақ марқұм болғандарға арналған  ескерткіш дайындауды да қадағалайды.

Қазір  Кеңес алаңында әлі тарамаған жүздеген адам бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.