2017 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі саласында 8,6 млн. адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,3% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,9 (4,5 млн. адам) – ерлер, 48,1% (4,1 млн. адам) – әйелдер, деп хабарлайды Zhambylnews АА Вaq.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмыссыздық деңгейі 4,9% болып отыр. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі 46,4%, әйелдердің үлесі – 53,6%.
15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2017 жылдың соңына 70,3 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 0,8%-ын (2016 жылы – 0,4%) құрады.