«Туған күн» немесе «туылған күн». Туылған күн сөзіндегі -ыл – ырықсыз етіс. Ырықсыз етісте қимылдың иесі болмайды.
Қай кітапты, қай сөздікті ашсаңыз да, дұрысы: «туған күн». Әдебиеттен мысал келтірейік: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.
Абай Құнанбайұлы Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған.
Ілияс Есенберлин Адам тек жаңа туған кезінде: содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады екен-ау.
Оралхан Бөкей Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай…
Мұқағали Мақатаев Сен туған күн – мерекеміз…
Мұхтар Шаханов Төлқұжатыңызда «Туған күні» деп жазылады. «Туған жер, туған өлке, туған-туыс» деп айтамыз.
Мұхтар Мағауин: «Туылғанға» дауа жоқ екен. Ендеше, келесі саты – «өлінген!» Туылған» жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана бар. Ең сыпайы сөзіміз деп біліңіз.
Дереккөз: massaget.kz