Өскемендегі өрттен 90 жастағы әйел құтқарылды

0 5

Өскемендегі пәтерлердің бірінде асханадан өрт шығып, 90 жастағы адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Өскемен қаласының Гагарин көшесінде болған. Кешкі сағат 19.40-та 5 қабатты үйдің 4 қабатынан өрт шыққаны туралы хабар түседі.  Өрт сөндірушілер асханадан шыққан өрт жиһаздарға жалғасқан кезде жеткен. №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Данабек Рахимов пәтерді аралау барысында қою түтіннің арасынан диванда жатқан 90 жастағы адамды байқапты. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін қарияны  №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Өрттің тұтануына электр құрылғының ақауы себепші болды деген болжам бар. Бөлмедегі розетка тоқтан ажыратылмаған. Қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.