Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» деп мемлекеттік тілдің бағытын айқындап берді. Қазіргі қоғамда ана тілді дамытудың маңыздылығы орасан. Бұл бағытта облыста жұмыстар да атқарылуда. 28 наурыз күні «Достық» үйінде өткізілген кеңес соның бір көрінісі, деп хабарлайды Jambylnews Jambyl телеарнасына сілтеме жасап.
2017 жылғы жүргізілген статистика бойынша мемлекеттік тілде сөйлейтін Жамбылдықтардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 0,71 пайызға артқан. Нәтижесінде қазақ тілін білетіндердің үлесі 97,43 пайызды көрсетуде.Қазір елімізде ана тілінің мәртебесін көтерумен бірге үш тілді еркін меңгеру қажеттілігі туып отыр. Бұл меже дер кезінде іске асса, Қазақстандықтар дамыған мемлекеттердің ілім-ғылымын еркін меңгеріп, әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігі артпақ. Сондықтан қазір барлық білім беру мекемелерінде қажетті педагогтар дайындалып, біліктілігін арттыратын курстарда оқытылуда.