Алматыда балкон жылылайтын «маман» ұсталды

0 6

Алматыда балкон жылылаймын деп елді алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы ер адам балкондарды жылылау, әйнек салу жұмыстарын орындау үшін тұрғындардан алдын ала төлем алып отырған.

Полицияда нақтылағандай, ол  жөндеу жұмыстарымен ешқашан айналысып көрмеген.

«Бүгінгі таңда оның 18 қылмыстық эпизодқа қатысы бары анықталды. Жапа шеккен тұрғындардың шығыны 1 млн теңгеден асады. Бұл адамның әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-47-00; 254-47-01, 254-47-03 нөмірлеріне хабарласса болады», — деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы Дәурен Утебаев.

Күдікті бұрын да осы тектес қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.