Қазақстанда тәулік ішінде екі рет жер сілкінді

0 0

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 31 наурызда 01 сағат 18 минут 39 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 363 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9. MPV магнитудасы — 5.5, ошағының тереңдігі — 20 км.

Жер сілкінісі Алматыда сезілмеді.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 31 наурызда 00 сағат 45 минут 24 секундта жер сілкінісін тіркелгендігін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.