Испанияда қазақстандық банктерден ақша ұрлаған хакерлер ұсталды

0 4

Аликантеде Қазақстан және басқа да мемлекеттердің банк жүйесіне шабуыл жасайтын хакерлік топтың көшбасшылары сотталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Europol сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала есептеу бойынша, Carbanak және Cobalt вирустарының көмегімен киберқылмыскерлер әлемнің 40 еліндегі банктерден 1 миллиард доллардан астам қаржы ұрлаған.

«Айтарлықтай көп қаржы ұрланған. Қылмыскерлер Cobalt вирусы арқылы ғана әр адамнан 10 миллион еуро ұрлаған», — деп жазылған басылымда.

Қаскүнемдер ресми компания арқылы хат жіберіп, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина және басқа да мемлекеттердің банк жүйесіндегі компьютер бағдарламаларын бұзған. Алдын ала болжам бойынша, олар әлемдік қаржы институттарына шабуылын 2013 жылы бастаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.