Президенттің баспананы қолжетімді етуге бағытталған «7-20-25» бағдарламасы Жамбыл облысындағы тұрғын үй құрылысына серпін бермек. Алдағы уақытта осы жоба аясында Әулиеаталықтарға 2700 пәтер беріледі деп күтілуде. Жоспар бойынша бұл үйлер тұрғындарға екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие арқылы берілмек. Тиімді ұсынысқа халық зор сенім артып отыр.
«Бәріміз Қазақстанның азаматтарымыз. Соның ішінде жастарға «7-20-25» бағдарламасы өте қажет. Себебі, осы бағдарлама нәтижесінде жастар жатақханалы болып жатыр», — дейді Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мұхаббат Тұрдиева.
Дереккөз: Jambyl телеарнасы