Шомылу маусымы алдында дөңгелек үстел өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Тараздық колледждің студенттері, ата-аналары және ТЖ департамент мамандары мен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің қатысуымен дөнгелек үстел ұйымдастырылды.
28-ші наурызда өткен дөңгелек үстел «Суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды. Жазғы уақытта болатын су айдындарындағы ережелер мен суда шомылудың қауіпсіздік шаралары бойынша толық ақпарат беру мақсатында өткізілген іс — шарада өткен жылғы суда болған оқиғалардан мысал келтірілді.
Атап айтқанда, 2014 жылғы 5 – ші шілдедегі № 235-v ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне сәйкес, ересектердің шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруы, сондай-ақ, балаларын ересектердің қадағалауынсыз қалдырған үшін ата-ананың жауапкершілігі және су обьектілеріндегі басқа да қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін көрсетті. Шомылу кезінде міндетті түрде өздерімен бірге жүзу құралдарын алып жүруіне кеңес берді. Соңында дөңгелек үстелге қатысушыларға теориялық және практикалық бөлімінен кейін жаттығу бейне роликтерін көрсетіп, ата-аналар, мұғалімдер және білімгерлердің сұрақтарына жауап берді. Көкшетау техникалық институты жайында ақпарат беріп, жоғары оқу орнына түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібін түсіндірді.
Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.