Қазақстанда бір айда ыстық су орта есеппен 1,6 пайызға, ал бір жылда 9,3 пайызға қымбаттады. Ақпан айының қорытындысы бойынша ыстық судың текше метрі 240,9 теңгеге дейін қымбаттаған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметінше, ірі қалалардың ішінде Алматыда ыстық су бағасы айтарлықтай қымбаттаған — текше метрі — 515, 7 теңге.
Суық судың да қымбаттағаны айтылады. Суық су бір айда 1,3 пайызға дейін қымбаттаған. Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, ақпанда суық судың текше метрі 72,3 теңге болды. Суық суға Атырау тұрғындары көбірек төлеген — 113,5 теңге.
Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, кәріз жүйесі қызметтерінің бағасы бір жылда 2,5 пайызға дейін қымбаттаған. 2018 жылдың ақпанындағы көрсеткішке қарағанда, кәріз жүйесі қызметтерінің бағасы Қарағандыда айтарлықтай қымбаттаған: бірден 96,4 теңгеге.