Бұқаралық спорт — үлкен жеңістер қайнары

0 9

2025-ші жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы керек. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жоспары Таразда да тиянақты қолға алынуда. Көне шаһардағы 9-шы мөлтек ауданында «Қазфосфат» компаниясы  демеушілігімен  спорттық алаңша ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Спорт нысанында 3 түрлі спорт түрімен айналысуға мүмкіндік  бар. Ашылу салтанатына Жамбыл облысының құрметті азаматтары, қала басшылығы мен тұрғындар жиналды. Барлық талапқа сай салынған алаңша толығымен демеуші «Қазфосфат» ЖШС  тарапынан қаржыландырылған. Мекеменің бас директоры Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінеді екен.

Жаңа алаңда  қуана жаттығу жасап жүрген жастың бірі Тараз футбол клубының су жаңа қақпашысы – Мұхамеджан Сейсен. Ол — осы мөлтекаудан тұрғыны. 8 жасынан бастап футболмен кәсіби түрде айналысып келе жатқан балаға енді шыңдалу мүмкіндігі көбейіп отыр.

«Қалада 511 спорт нысандары бар. Олар тұрақты түрде халыққа қызмет етуде. Енде міне, әмбебеап спорт алаңы ашылып отыр. Бұқаралық спорттың тынысы кеңи түспек. Биыл  осындай тағы  8 нысанды ашу жоспарда бар», — деді Тараз қаласының әкімі Рүстем ДӘУЛЕТ.

Заман талабына сай жабдықталған алаңшада жұмсақ жасанды төсеніш бар. Мұнда баскетбол, волейбол және кіші футбол ойнауға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.