АҚШ Мексикамен шектесетін аймақты қоршап жатыр

0 21

Дональд Трамп шекара қабырғасының құрылысы басталғанын, ол аяқталғанша әскерилер Мексика-АҚШ арасын қатаң бақылауға алатынын айтты. Осылайша, АҚШ президенті Мексика көшкіндерінен қорғанып, елінің қауіпсіздігін сақтап қалмақ, — деп «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен Мексикаға сендердің заңдарын өте күшті деп айттым. Өте күшті. Ал біздің заңымыз әлсіз. Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен сөйлесіп, заңды өзгертейік, шекарадағы қорғанысты күшейтейік дедім. Шекара қабырғасы салынып біткенше, біз екі араны әскермен күзетеміз. Елімізге кім болса соны заңсыз кіргізіп аламыз, олар сотқа шақырғанда келмей, кейін жоқ болып кетіп жатады. Ондай адамдар керек емес», — деді Трамп.

Ал шекара қабырғасының құрылысына кететін қаражат АҚШ әскери бюджетінен бөлінеді. Президент Конгресске иммиграция заңын күшейту туралы тапсырма берді.

Айта кетерлігі, АҚШ-Мексика шекарасына бұған дейін де әскерилер енгізілген болатын. 2006 жылы Джордж Буш «Джамп Старт» операциясы бойынша Ұлттық гвардияны екі жыл бойы шекарада ұстады. 1000 металл кедергісі орнатылу үшін 6000 әскери азамат шекараға жөнелтіліп, тікұшақтар арқылы ел территориясына заңсыз кірмекші болған мексикалықтарды ұстады.

2010 жылы Обама әкімшілігі Ұлттық гвардия әскерін тағы да жоспарлы шекара қорғанысына енгізді. 1 жыл бойы 1200 әскери мексикалықтарға тосқауыл болды.

Трамп сондай-ақ, Орталық Америкадан Мексика жері арқылы өтетін керуенді тоқтату туралы бұйрық берді.

«Егер керуен біздің территорияға жетсе, заңдарымыз әлсіз және аянышты болып көрінеді. Шекарамыз жоқ сияқты халдеміз», — деді Трамп.

Leave A Reply

Your email address will not be published.