3 жасында жоғалған қызды ата-анасы 24 жылдан кейін тапты

0 9

Қытай тұрғыны  24 жыл іздеуден кейін 3 жасында жоғалып кеткен қызын тапты. Ван Мин Цин  осы жылдардың ішінде іздеуін тоқтатпады. Бұл үшін тіпті такси жүргізуші болып жұмысқа орналасты. Ол әйтеуір бір күні қызының  немесе оны танитын жолаушының көлікке отыратындығына сенімін жоғалтпады деп хабарлайды bbc.com.

Мин Цин  жылдар бойы қызының жоғалғандығы туралы хабарландыру таратып келді. Ван Мин Цин мен әйелі Лю Дэн Ин ол кезде жеміс-жидек сатумен айналысқан. Бірде кешкілік ақшасын ұсатпақ болып көрші дүкенге бас сұққан Ван Мин Цин қайтып келген кезде қызын таппай қалады.

2015 жылы Ван іздеу географиясын кеңейтіп, Didi Chuxing компаниясына такси жүргізуші болып орналасты.

Ол артқы орындыққа көп жылдан бері қызын іздеп жүргендігін жазып қойған. Ванда Ци Фэннің суреті жоқ еді, сондықтан  оған қатты ұқсайтын кіші қызының фотографиясын ілген. Ал Ванның жолаушылары әкесі бірнеше жылдан бері қызын іздеп жүргендігін әлеуметтік желілерге жариялай бастады.

Полиция да қарап қалмады. Оған ұқсас жандардың ДНҚ-сы сәйкес келмей жатты.

Міне қызық, өткен жылдың соңында іздеу жұмыстарында үміт оты жанды. Полицияда еңбек ететін суретші Ванның есейген шағына сәйкес келетіндей етіп портретін салды. Ол интернет арқылы таратылды.

Ванның отбасынан мыңдаған шақырым қашықтықта, Қытайдың солтүстігінде тіршілік кешіп жатқан 27 жасар Кан Ин бірде бұл портретті көріп ондағы әйелдің өзіне аумай қалғандығына таң қалған.

ДНҚ-сараптама жасауға шешім қабылданған. Оның нәтижесі көңілдегідей болып шықты. Ван өзінің жоғалған қызын тауып, 3 сәуірде Гирин провинциясында тұратын Кан Ин өзінің күйеуімен және ұл-қыздарымен Чэндуға ұшып келді.

Қытайлық БАҚ-тардың жазуынша, Кан Инді кішкентай кезінде Чэндудан небәрі 20 шақырым қашықтықта орналасқан көршілес қаладағы ерлі-зайыптылар асырап алған. Олар бүлдіршінді Чэндуға баратын жолдың жағасынан тауып алған екен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.