Мексикалық боксшы Лео Санта Крус (34-1-1, 19 КО) Головкиннің (37-0-1, 33 КО) алдағы Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) айқасын мерзімінен бұрын аяқтайтындығына сенімді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мартиросян — жақсы боксшы, жылдам, ширақ та тәжірибелі. Менің ойымша, бұл айқас тез аяқталады. Мен Головкинді сыйлаймын. Мексикалық стилде жұдырықтасады… Ол сегізінші раундта нокаутпен жеңеді»,- деді Крус Boxeo TV берген сұхбатында.
Жекпе-жек 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді (Калифорния штаты, АҚШ).