Салтанатты іс-шарада ардагерлер мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін құттықтады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
«Бүгінгі жарқын мереке – бұл аталарымыз бен әкелеріміздің қайыспас қайсарлығы мен отансүйгішітігінің нәтижесі. Жеңіс мерекесі тарихтың өшпес парағы ретінде қалады», – деді Б. Данилов.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін қызметкерлер ведомстволық наградалармен атап айтқанда «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен – А. Абдразаков марапатталды, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен — Б. Сейдалиев, III дәрежелі «Құтқарушы» кеуде белгісімен – Д. Нуралиев, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен – Н. Байкелдиева, ҚР ІІМ Алғыс хатымен – Ж. Шайхиева марапатталды.
Сонымен қатар аталмыш марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бұйрығымен адамды құтқарған және ерлігі үшін Әлібек Антаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.