Бейбіт күннің батырлары
1 мамырда таңғы сағат 9 – дар шамасында Түркісіб ауылындағы тұрғын үйдің бірінен өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Тұрғын үйдің ішінде 3 адамның қалып қойғандығы және олардың ішінде 2-уі балалар екені анықталған.
Есікті бұзып кірген өрт сөндірушілер өртке оранған үй ішінен 2 кәмелетке толмаған бүлдіршін мен әйел адамды құтқарып, алғашқы көмек көрсетті .