Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

0 3

Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Zhambylnews AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазгидромедтің хабарлауынша, 30 мамырда Қостанай облысының кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Түнде кей жерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ал, Жамбыл облысында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.

Қарағанды облысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с дейін күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жер 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с. Кей жерде найзағай, дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с кей жерде 23-28, екпіні 30 м/с. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с. Кей жерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз коптеген жерде 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ жауы мүмкін. Түнде кей жерде 3 градус үсік күтіледі.

Ал, Астана қаласында 30 мамыр күні күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.