Менингиттен 12 адам қайтыс болды

0 18

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингитке қарсы жаппай вакцинациялауды бастау керек пе деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.

«Менингитке қарсы жаппай вакцинациялауды бастаудың қажеті жоқ, оның көмегі болмайды. Себебі, ол тек екі үш айдан кейін нәтиже бере бастайды. Ал бізде бұл инфекция бүгінде жүріп жатыр, сондықтан қайталап айтамын, оның көмегі болмайды. Жалпы, бізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай барлық шаралар қолға алынып, жүргізілуде. Төтенше жағдай жоқ», — деді Е.Біртанов.

«Жыл басынан бастап 58 науқас менингитпен тіркелді. Олардың арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы 58 науқастың арасында жыл басынан бастап 12 жағдай өліммен аяқталды. Өкінішке қарай 5 өлім 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Жалпы басқа жылдармен салыстырғанда 2015 жылды 400 науқас ауырған, 2016 жылы 160 науқас, өткен жылы 62, 2013 жылы 17, 2014 жылы 119. Жыл сайын науқастардың саны өзгереді, ол циклмен байланысты. 2013 жылы 18 адам, 2014 жылы 15 адам, 2015 жылы 21 адам, 2016 жылы 7 адам, 2017 жылы 11 адам, биыл жыл басынан бері менингиттен 12 адам көз жұмды. Ең бірінші науқас сәуірдің 30 күні тіркелген», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Сонымен қатар, бұған дейін ведомство басшысы жыл басынан бері менингит жұқтырған 58 науқастың 12-сі көз жұмды деп хабарлаған болатын.

Айта кетейік, менингит жұқтырған ең бірінші науқас сәуірдің 30 күні тіркелген.

Біздің Теlegram – парақшамызда Жамбыл облысы мен Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.