Шу ауданында Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

0 4

Бүгін Шу аудандық орталық алаңында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне» арналған мерекелік салтанатты іс – шара ұйымдастырылды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Атаулы шара барысында «Рәмiздерiм» — атты авто шеру өз жұмысын таң атпай бастап кетті. Сондай-ақ, орталық алаңда Мемлекеттік Ту мен Елтаңба ұстаған әскерилер мен «Либерти» мотоклубының мотожүргізушілері мен автокөліктері жүріп өтті. 

Ауыл әкімдері, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және де өзін патриоттар санаған азаматтардан құрылған насихаттаушы топ 17 ақ темір атқа мiнiп, аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесуге үлкен жолға шықты. Өте әдемі көркем көрінген авто шеруді аудан басшысынан бастап шағын балаға дейін ақ жол тiлеп шығарып салдық.

Мерекелік шара одан әрі Шу аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Жиылған көпшілікке Шу ауданы әкімі Қайрат Досаев мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі. Сөз соңында аудан басшысы мерекеге орай қызметкерлерді аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарымен» марапаттады.  

Жиын соңында келген қонақтар мерекелік концерт тамашалап қайтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.