Эхинококкоз туралы не білеміз?
Эхинококкоз – үй жануары арқылы тасымалданатын паразитті ауру.
Тараз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы C. Жұманқұлдың айтуынша, паразит жануарлардың ішегінде бірнеше даму сатысынан өтіп, содан соң, жануарлардың нәжісімен жерге түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады. Онкосфералар ауа температурасының өзгерістеріне берік әрі сыртқы ортаға бейімделгіш болып келеді. Балалар, көбінесе, үй жануарларымен қарым-қатынас кезінде, жануарлардың жүні, шаң-тозаң, су және т.б. арқылы жұқтырады. Егер, паразит тамақпен бірге ағзаға түссе, бауыр эхиноккозы, егер ауа арқылы тараса, өкпенің эхинококк өсіндісі дамиды. Эхинококк өсіндісі – бұл паразиттің дамуындағы соңғы кезең болып табылады.
Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Осы жануардың жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.
Оның жұмыртқалары қоршаған ортада өмір сүруге өте төзімді. Суңмен және тамақпен оның жұмыртқалары ауылшарушылығы жануарларының ішегіне түседі. Содан барып бауырға және өкпесіне енеді.Малдың ауру жұқтырған мүшесін итке жеуге берсе соңғы жеген жұқтырады. Адамдар оның жұмыртқаларын сумен, тамақпен кір қол арқылы жұқтырады.
Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі, түкірігінде қан пайда болады. Адамдар эхинококкозы – ауыр, созылмалы мүгедектікке дейін әкелетін, ал асқынған кезде өліммен аяқталатын құрт ауруы. Бұл ауру барлық елде кездеседі.
Эхинококкоз қоздырғыштары адамның кез келген мүшесін зақымдауы мүмкін, әсіресе бауыр мен өкпе зардап шегеді, сөйтіп эхинококкоз ауруы пайда болады.
Ауру клиникалық, ренгенологиялық және зертханалық жолмен анықталады.
Эхинококкоздың алдын алу бойынша іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) адамға жұғудың алдын алу;
2) медициналық және ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өзара ақпарат алмасуы;
3) еткомбинаттарында, базарларда, мал сою пункттерінде ет және ет өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу;
4) малшаруашылығы шаруашылықтарының суағарларына, сарқынды суына және топыраққа, сондай-ақ олардың шөгінділеріне жоғары тиімді овицидтік препараттармен дезинвазия жүргізу;
5) иттерді, оның ішінде күзет, қызметтік және жеке ауладағы иттерді жоспар бойынша жылына кемінде 4 рет дегельминтизация жүргізе отырып, паспорттау; қаңғыбас иттерді жою;
6) эхинококкоздың профилактикасы мәселелері бойынша халық арасында сауаттандыру жұмысын жандандыру.