Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады

0 2

22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Айта кетелік кеше Президент Халықаралық және Азия паралимпиада комитеттерінің басшыларын қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.