Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

0 1

Жуалы ауданы Қызыларық ауылында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына Мемлекеттік қызметтерді ашық, қолжетімді, сапалы қызмет көрсету және әр сала бойынша тиісінше мәліметтер беру мақсатында ұйымдастырып отыр.

Жәрмеңкеге Қызыларық ауылдық округі және көршілес жатқан Ақтөбе, Көкбастау, Нұрлыкент ауылдық округ тұрғындарда қатысып, жалпы саны 400-ге жуық азаматқа 15 мекеме қызмет көрсетті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.