Еңбек министрi: Қазiр көбi тұрақты келiсiмшартты емес, өз iсiн таңдайды
Бүгiн Қазмедиа орталығында өзін-өзі жұмыспен қамтыған және бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресімдеу және қажетті заңнамалық шаралар туралы дөңгелек үстел өттi, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресімдеу бойынша бiрқатар жүйелi шара ұсынатын заң жобасы әзiрлендi.
«Бiз қазiр Қазақстанда еңбек нарығы жоғары қарқынмен өзгерiп жатқанын көрiп отырмыз. Бүкiл әлемде, бiздiң елде де цифрландыру мен технологиялық жаңғыру нәтижесiнде жұмыспен қамтудың жаңа қолайлы формалары пайда болып келедi. Жұмыспен қамтудың жаңа түрлерi кеңейiп келедi. Атап айтсақ, фриланс, алыстан, қашықтықтан жұмыс iстеу сияқты жаңа қызмет түрлерi пайда болып жатыр. Қазiр адамдардың көбi тұрақты келiсiмшартты емес, өз iсiн таңдайды немесе шарттары қолайлы жұмыс формаларын iздестiредi. Қазақстан да бұл тенденциядан қалыспай отыр», — дедi Әбiлқасымова.
Министрдiң айтуынша, соңғы мәлiметке сай қазiргi таңда елiмiзде 2 млн 40 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына кiредi.
«Бiздiң мақсатымыз — аталған санаттағы азаматтарды мiндеттi зейнетақы сияқты әлеуметтiк қамту жүйесiмен толығымен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, бұл мәселе болашақта Қазақстанда мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнiң енгiзiлуiне байланысты өзектi бола түстi. Осыған орай, бүгiнде бiздiң министрлiк басқа мемлекеттiк органдармен бiрiгiп, арнайы Жол картасын iске асырып жатыр. Жол картасы бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметiн ресімдеу мен заңдастыруға бағытталған. Оның аясында бүкiл мемлекеттiк мәлiметтер базасындағы халықтың жұмыспен қамтылу статусы сәйкестендiрiлуде», — дедi Мәдина Әбiлқасымова.
Министр бүгiнгi күнге дейiн жасалған жұмыс нәтижесiне де тоқталды. Оның айтуынша, жыл басында мемлекеттiк мәлiметтер базасында 2 млн 700 мың халықтың статусы болмаған. Ал бүгiнгi күнi 800 мың адамның статусы анықталып, енгiзiлдi. 309 мың жұмысшы еңбек келiсiмшарттарын бекiтiп, олар үшiн мiндеттi зейнетақы жарналары түсе бастады. 17 мың кәсiпкер өз iстерiн тiркедi және т.с.с. Осы басталған жұмыстар әрi қарай жалғаспақ.
Талқылау барысында дөңгелек үстел қатысушылары бейресми жұмыспен қамту, бірыңғай жиынтық төлем енгізу, жұмыспен қамтылған халықты жіктеу және статистикалық есепті жетілдіру мәселелері бойынша өз ұстанымдарын білдірдi.