Күні кеше Таразда Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрметті ұстаз Ермек Жүнісбекұлының құрметіне мемориалды тақта орнатылды. Құрмет тақтасы батырдың тұрған үйі Жүнісәлиева көшесі №1 үй ғимаратының қабырғасына қойылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ермек Жүнісбекұлы 1922 жылы 23 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1993 жылы қалалық білім беру басқармасында мұғалімдер ардагерлер кеңесінің төрағасы болған. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық білім беру жүйесінде аянбай еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.
Осындай шараға облыстың құрметті азаматтары мен Ардагерлер Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ, тыл ардагерлері мен олардың жұбайлары шақырылды.
Рәсімде алғашқы сөз кезегін алған қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Күлекеев келген қонақтарға алғысын білдіріп, болашақта мұндай іс-шаралар өз жалғасын табатынына сенім білдірді.
Мемориалдық тақтаны Батырбек Әбдірәсілұлы мен ардагердің баласы Дүрімбетов Еркін Ермекұлы салтанатты түрде ашты.
Іс-шара соңында ардагерлер арнайы мерекелік дастарханға шақырылды.