Жамбылдық кәсіпкерлер түрмеде өндіріс орындарын ашпақ

0 0

Жамбыл облыстық прокуратурасында бизнес өкілдеріне өңірдегі өндіріс орындарының қуаты көрсетілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шара Жамбыл облыстық прокуратурасының бастамасымен, облыс әкімдігі мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды.

20-дан астам бизнесмен облыста жолға қойылған өндіріс түрлерімен танысты. Прокуратура қызметкерлері нысандар туралы әңгімелейтін видеоны көрсетіп, оларды алудың тәртібін түсіндірді.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу. Бүгінгі таңда облыстағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің 71%-ға жуығы еңбекпен қамтылған. Атап айтқанда, бөдене өсіруге маманданған «Шукуров» жеке кәсіпорнында 12 адам жұмысбасты болса, «Ырысты» ЖК-да жеті адам киіз үй тоқумен айналысып отыр.

Шара қорытындылары бойынша, 10-ға жуық кәсіпкер түрмеде өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.