Бүгін шілденің алғашқы жексенбісі — 1 шілде де Қазақстан жұртшылығы Ұлттық домбыра күнін алғаш рет атап өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жалпы, шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жақында ғана белгіленген болатын. Ел Президенті ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында осындай қаулы шығарған еді.
Айта кетейік, Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантып отыр. Домбыра күнінің мерекеге айналуы — көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білеміз. Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін Тараздағы Жамбыл Жабаев ескерткіші алдында бүгін 250 — ден аса домбырашы бірнеше күйді бір уақытта орындайтын болды. Ол шараға белгілі күйші, композитор Әбдімомын Желдібаев, ҚР Мәдениет қайраткері Аман Молдыбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқтар Рахманқұлов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей және Халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат қатысады деп жоспарлануда.
Жалпы, концерттік бағдарламада — бұрыннан орындалып келе жатқан халық білетін күйлер. Ол — «Көңілашар», Құрманғазының «Адайы», «Балбырауын» мен «Сарыарқа» күйлері, «Еркесылқым», «Көне Тараз» күйі. Барша өнерпаздың орындауында ойналатын болады.
Домбыра күніне арналған шаралар бүгін 10.00 Ж.Жабаев ескерткішінің алдында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбра — халық мұрасы» атты домбыра — party өтеді.
Осы күні сағата 18.00 Төле би ескерткішінің алдында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра думан» атты байқау ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті саябағында Ұлттық домбыра күніне орай «Күй ойнайды қазағымның қанында» атты мерекелік іс — шара өткізіледі.